ӨСІМДІК ТЕКТЕС ТАҒАМДЫҚ ТАЛШЫҚПЕН БАЙЫТЫЛҒАН ФУНКЦИОНАЛДЫ ЙОГУРТТЫҢ АМИНҚЫШҚЫЛДЫҚ, МАЙҚЫШҚЫЛДЫҚ ЖӘНЕ ВИТАМИНДІК ҚҰРАМЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1610
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада өсімдік тектес тағамдық талшықпен байытылған функционалды йогурттың аминқышқылдық, майқышқылдық және витаминдік құрамына кешенді бағалау жүргізілген. Зерттеудің өзектілігі биологиялық құндылығы жоғары, физиологиялық белсенді және профилактикалық қасиеттерге ие, адам денсаулығына оң әсер ететін функционалды тағам өнімдерін әзірлеуге деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Зерттеу нысаны ретінде өсімдік тектес тағамдық талшық қосу арқылы әзірленген технологиялық схема негізінде зертханалық жағдайда алынған йогурт қарастырылды. Өнімнің биохимиялық құрамын бағалау үшін аминқышқылдық профиль жоғары тиімді сұйықтықтық хроматография (ЖТСХ) әдісімен, майқышқылдық құрамы газдық хроматография әдісімен, ал витаминдік құрамы спектрофотометриялық және хроматографиялық әдістер арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері өсімдік тектес тағамдық талшықты енгізу өнімнің биохимиялық көрсеткіштеріне кешенді оң әсер ететінін көрсетті. Ауыстырылмайтын аминқышқылдарының мөлшерінің артуы анықталып, бұл йогурттың биологиялық құндылығының жоғарылағанын дәлелдейді. Майқышқылдық профильдің оңтайлануы қаныққан май қышқылдарының үлесінің төмендеуімен және моно- және полиқанықпаған май қышқылдарының үлесінің артуымен сипатталады, бұл өнімнің физиологиялық құндылығын арттырады. Сонымен қатар, В тобы витаминдерінің жоғары деңгейде сақталуы байқалып, бұл өсімдік компонентінің тұрақтандырғыш әсерін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы өсімдік тектес тағамдық талшықтың йогурттың биохимиялық профилінің қалыптасуына әсерін ескере отырып, оның аминқышқылдық, майқышқылдық және витаминдік құрамына кешенді баға беруде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді функционалды қасиеттері алдын ала берілген қышқыл сүт өнімдерін әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен, сондай-ақ диеталық және профилактикалық тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейтумен байланысты. Әзірленген өнім жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие, айқын функционалдық қасиеттерімен сипатталады және диеталық әрі профилактикалық тамақтануда қолдануға ұсынылады.