МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҰН ТАРТУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫ (Шымкент қаласының мысалында)

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.2.31-1530
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында Шымкент қаласының ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру факторлары кешенді түрде зерттеледі. Қаржылық тұрақтылықтың теориялық мәні нақтыланып, салалық ерекшеліктер ескерілген факторлық жіктеу ұсынылады. Қазақстанның астық нарығындағы өндірістік және экспорттық үрдістер негізінде ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық орнықтылығына әсер ететін ішкі, сыртқы және макроэкономикалық факторлар жүйеленді. Ел экономикасының тұрақты өсуі агроөнеркәсіптік кешен құрамындағы ұн тартатын кәсіпорындардың тиімді қызметімен тікелей байланысты екендігі көрсетілген. Шымкент қаласының ұн тарту саласы өңірдің қайта өңдеу өнеркәсібі құрылымында елеулі орын алады және әлеуметтік маңызы бар өнім өндіруді қамтамасыз ететін стратегиялық салалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар сала кәсіпорындарының өндірістік әлеуеті, шикізатпен қамтамасыз етілуі және экспорттық мүмкіндіктері талданды. Зерттеу барысында қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін негізгі тәуекелдер мен шектеулер анықталып, оларды басқару тетіктері қарастырылды. Нәтижесінде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттырудың стратегиялық бағыттары айқындалып, өңірлік деңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ұн тарту саласы кәсіпорындарының қаржылық стратегиясын әзірлеу кезінде және өңірлік экономикалық саясатты қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.