ДЕМОКРАТИЯ ЖӘНЕ РЕЛЯТИВИЗМ: ӘЛЕУМЕТТІК КОНСТРУКТИВИЗМ ТҰРҒЫСЫНАН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/43p42w41
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада демократия ұғымының қазіргі теориялық түсіндірмелерінде жиі кездесетін релятивизм мәселесі тарихи-философиялық контексте қайта қарастырылады. Негізгі түйіткілді мәселе ретінде демократияны релятивизм тұрғысынан қарапайым теңестіру және оның философиялық қырларын жеткілікті тереңдіксіз бағалау қарастыралады. Авторлардың ұстанымы бойынша, мұндай теңестіру демократияның ішкі логикасын бұрмалап, оны құндылықтық тұрғыдан әлсіретеді. Зерттеудің мақсаты демократияны біржақты индивидуализмге негізделген жүйе деп санамау, керісінше индивидуализм мен универсализмнің синтезі ретінде негіздеу және релятивизмнің демократиялық тәртіптегі нақты орнын айқындау.Зерттеу барысында Ж.-Ж.Руссо, Т. Гоббс, Дж. Локк, Г. Кельзен, Г. Гурвич еңбектеріне сүйене отырып, теңдік пен бостандық ұғымдарының тарихи эволюциясы талданады. Теңдік механикалық сандық қағидадан гөрі, құқықтық және моральдық тұтастықтағы сапалық принцип ретінде түсіндіріледі. Демократия құқықтың үстемдігіне негізделген әлеуметтік тәртіп ретінде қарастырылып, «саяси релятивизм» ұғымының философиялық релятивизммен тең еместігі дәлелденеді. Релятивизмнің эпистемологиялық, моральдық және мәдени түрлері ажыратылып, олардың демократиялық институттарға әсері талқыланады.Әлеуметтік конструктивизм әдіснамасы (П. Бергер, Т. Лукман) демократия, құқық және бостандықтың табиғи-берілген деп танылатын тұжырымнан гөрі, тарихи және институционалдық тәжірибе арқылы қалыптасатын әлеуметтік мағыналар екенін көрсету үшін қолданылады. Қазіргі демократиялық теориялармен теориялық диалог негізінде (Ю. Хабермастың делиберативті демократиясы, Ш. Муффтың агонистік демократиясы, Дж. Ролздың саяси либерализмі) демократияның релятивизммен күрделі байланысы тереңдетіле талданады.Қорытындыда демократия өзін-өзі жаңғырта алатын ашық жоба ретінде бағаланып, оның болашағы құқықтық мемлекет, әлеуметтік құқықтар және көпдеңгейлі демократияландыру үдерістерімен байланыста негізделеді.