ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҮШІН STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1208
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

STEM – бірнеше пәндік салаларды біріктіретін, сыни ойлау, зерттеу құзыреттіліктері мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту құралы ретінде жаңа білім беру технологиясы. Әдіс оқушыларға зерттелетін әлемнің тұтас көрінісін алуға мүмкіндік береді және ғылымды жеке пәндерге бөлудің шарттылығын көрсетеді. STEM-білім беру әдісінің тағы бір артықшылығы – білім алушылардың оқу процесінде ғылыми-зерттеу дағдыларының қалыптасуы. Білім алушылар тәжірибелерді жүргізіп, жобалық жұмыстарды зерттеу арқылы білімді меңгере отырып, мәселелерді талдайды, салыстырады және өз ойларын дәлелдеуді үйренеді. Нәтижесінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. Мақалада химия сабақтарында STEM-білім беруді (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) қолдану қарастырылады. STEM-білім беру сыни ойлау, креативтілік және оқушылардың мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға ықпал ететін кіріктірілген тәсілді білдіреді. Мақалада мектептің химия бағдарламасына STEM-білім беруді енгізу әдістері мен стратегиялары талданып, табысты қысқа мерзімді сабақ жоспарларына мысалдар келтірілген. Оқушыларға химиялық білімді қолдануға мүмкіндік беретін пәнаралық тапсырмаларға ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері STEM-әдістерін қолдану химияға деген қызығушылықтың артуына, академиялық үлгерімнің жақсаруына және XXI ғасырдың негізгі құзыреттіліктерінің дамуына ықпал ететінін көрсетеді. Қорытындылай келе, мақалада білім беру мекемелерінде STEM бастамаларын одан әрі дамыту және қолдау қажеттілігі атап өтіледі, бұл оқушыларды қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайындау үшін маңызды. Мектепте STEM -білім беруді жүзеге асыру үшін ерікті мектеп мұғалімдерінен алдын-ала сауалнама алынып, зерттеу барысында STEM технология элементтерін кіріктіре отырып әзірленген қысқа мерзімді сабақ жоспарлары ұсынылды.