ҚАТТЫ ТАҢДАЙДЫҢ ҚАЛДЫҚ АҚАУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУДЕ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН HYRAX АППАРАТЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2026.24.15.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Туа біткен ерін мен таңдай жырығы — балалар стоматологиясы мен жақ-бет хирургиясында маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл ақау жоғарғы жақтың анатомиялық құрылымын, тыныс алу, сөйлеу және тамақтану функцияларын бұзады, нәтижесінде баланың өмір сүру сапасын төмендетеді және кешенді емдеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты. Бастапқы уранстафилопластикадан кейінгі қатты таңдайдың қалдық ақаулары бар балаларды ортодонтиялық реабилитациялау әдістерімен жетілдіру. Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары dr.Nariman clinic стоматологиялық клиникасында 2025-2026 жж аралығында жүргізілді. Зерттеуге 6-11 жас аралығындағы 23 бала қатысты, барлығына «қатты таңдайдың қалдық ақауы» диагнозы қойылды. Пациенттерде тыныс алу бұзылыстары, тамақ қалдықтарының мұрын қуысына түсуі және эстетикалық қиындықтар тіркелді. Операция алдындағы кезеңде ортодонтиялық Хайрекс аппаратына орталық ақау аймағына Ortocryl EQ пластмассы қосылып, модификация жасалды. Зерттеу нәтижелері. Тыныс алу функциясы жақсарып, тамақ қалдықтарының мұрын қуысына түсуі төмендеді. Ортодонтиялық дайындықтың туа пайда болған ерін мен таңдай жырығы (ТЕТЖ) бар балаларды кешенді емдеуде тиімді екенін көрсетті. Модификацияланған Хайрекс аппараты хирургиялық араласуға қолайлы жағдай жасап, науқастардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Талқылау. Алынған деректер қатты таңдайдың қалдық ақаулары бар балаларда операция алдындағы ортодонтиялық дайындық кезеңі ретінде модификацияланған Hyrax аппаратын қолданудың әлеуетті клиникалық тиімділігін көрсетеді. Сонымен бірге бақылау тобының болмауы, іріктеме көлемінің аздығы, субъективті клиникалық бағалаудың басым болуы және стандартталған сандық көрсеткіштердің қолданылмауы зерттеудің дәлелділік деңгейін шектейді. Қорытынды. БЖА таңдай жырықтары мен отадан кейінгі қалдық ақаулары бар ауыспалы тістем кезінде балаларды емдеуде модификацияланған Хайрекс аппаратын қолдану ортодонтиялық емнің эффективті әдісіне жатады. ТЕТЖ диагноздары бар науқастарда аппаратты қолдану науқастың анатомо-функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып тәжірибеде қолдану арқылы, емдеудің тиімділігін арттырып, асқынуларды алдын алып және өмір сүрудің сапасын арттырады.