БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1211
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Білім беру жүйесін жаңғырту және құзыреттілікке бағдарланған оқыту тұжырымдамасының дамуы болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындауда. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты болашақ физика мұғалімдерін оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыруға даярлаудың әдістемелік жүйесін әзірлеу және оның тиімділігін эксперименттік тұрғыдан негіздеу болып табылады. Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, нормативтік құжаттарды зерделеу, сауалнама жүргізу, алынған деректерді статистикалық өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ физика мұғалімдерін оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық әдістемелік жүйесі әзірленді. Әдістеменің мазмұны педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытылатын «Физиканы оқытудың әдістері мен технологиялары», «Физикадағы зерттеулер, даму және инновациялар», «Физиканы оқыту әдістемесі: жеке сұрақтар» және «Мектептегі физикалық эксперимент» пәндерінің негізінде анықталды. Ұсынылған даярлау жүйесі теориялық даярлық, эксперименттік даярлық және педагогикалық практика кезеңдерін қамтиды. Педагогикалық эксперимент нәтижелері әзірленген әдістеменің тиімділігін растады. Эксперимент соңында білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігінің, физикалық эксперименттерді ұйымдастыру дағдыларының, зерттеу сипатындағы тапсырмаларды құрастыру қабілеттерінің, сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін басқару және нәтижелерін бағалау біліктерінің деңгейі едәуір жоғарылағаны анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы болашақ физика мұғалімдерін оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық әдістемелік жүйесін әзірлеумен, даярлық компоненттері мен көрсеткіштерін нақтылаумен және зерттеушілік оқыту, физикалық эксперимент пен педагогикалық практикаға негізделген кезеңдік әдістемені ұсынумен сипатталады. Зерттеу нәтижелері педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, зерттеушілік оқыту технологияларын енгізуге және оқушылардың зерттеу әрекетін ұйымдастырудың әдістемелік қамтамасыз етілуін дамытуға мүмкіндік береді.