УАҚЫТША ТІСТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ: САУЫТТАР МЕН БАЛАМАЛЫ ӘДІСТЕР

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2026.36.28.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Уақытша тістерінің ауқымды дәрежеде бұзылуын қалпына келтіру мәселесі балалар стоматологиясының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманауи реставрациялық технологиялар ем нәтижелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын, функционалдық тиімділігін және жоғары эстетикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуі қажет. Осыған байланысты уақытша тістерін қалпына келтірудің әртүрлі әдістерінің клиникалық тиімділігін салыстырмалы бағалау ғылыми және практикалық тұрғыдан ерекше маңызға ие. Зерттеудің мақсаты. 2,5–6 жас аралығындағы балалардың уақытша тістерін қалпына келтіру барысында қолданылатын жасанды сауыттар мен тікелей композиттік реставрациялардың клиникалық тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау. Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеуге 98 бала қатысты. Қатысушылар үш топқа бөлінді: негізгі топта-тістер цирконий сауыттарымен қалпына келтірілді; бақылау тобында- NuSmile металл сауыттары қолданылды; салыстыру тобында- Filtek Z250 композиттік материалы арқылы тікелей реставрациялар жүргізілді. Клиникалық нәтижелер 1, 3, 6 және 12 айдан кейін бағаланды. Бағалау критерийлері ретінде реставрациялардың сақталуы, қоршаған тіндердің жағдайы, ауыз қуысы гигиенасының көрсеткіштері және эстетикалық қанағаттану деңгейі қарастырылды. Нәтижелер мен талқылау. Бақылау нәтижелері бойынша цирконий сауыттары барлық негізгі параметрлер бойынша үздік көрсеткіштерді көрсетті: жоғары беріктік пен сақталуы, перифериялық тіндердің қабыну белгілерінің минималды болуы, жақсы гигиеналық көрсеткіштер және науқастар мен олардың ата-аналары тарапынан эстетикалық қабылдаудың жоғары деңгейі. Металл сауыттар қанағаттанарлық функционалдық нәтижелер көрсетті, бірақ эстетикалық тұрғыдан төмен болды. Композиттік реставрациялар ең төменгі беріктікке ие болып, асқынулар жиілігі жоғары болды. Қорытынды. Алынған деректер цирконий сауыттарының жоғары клиникалық тиімділігі мен эстетикалық тартымдылығын растайды, бұл оларды педиатриялық стоматология тәжірибесінде кеңінен қолдануға таңдау жасайды.