СУ ТАСҚЫНЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА GLOBAL NAVIGATION SATELLITE SYSTEM ДЕРЕКТЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН КРАУДСОРСИНГТІК МОБИЛЬДІ ЖҮЙЕ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_41_2_19
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Қазақстан аумағында жиі қайталанатын су тасқындары жағдайында төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз ету мәселесіне арналған. Зерттеудің өзектілігі су тасқындарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін сенімді және жедел кеңістіктік деректердің жеткіліксіздігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – азаматтардың қатысуына негізделген жаһандық навигациялық спутниктік жүйе деректерін (Global Navigation Satellite System, GNSS) пайдалану арқылы су тасқындарын мониторингтеуге арналған краудсорсингтік мобильді ақпараттық жүйені әзірлеу және оның тиімділігін бағалау. Зерттеу нысаны – су тасқындары туралы кеңістіктік деректерді жинау және өңдеу үдерісі, ал зерттеу пәні – citizen sensing тұжырымдамасы негізінде мобильді құрылғылар арқылы деректер жинау әдістері болып табылады. Зерттеу барысында Android операциялық жүйесіне арналған мобильді қосымшаны жобалау және әзірлеу, жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің қолданбалы бағдарламалау интерфейсімен (Application Programming Interface, GNSS API) интеграциялау, сондай-ақ фотоматериалдарды стандартталған метадеректер форматында (Exchangeable Image File Format, EXIF) тіркеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде су тасқындарын мониторингтеуге арналған кешенді ақпараттық жүйенің архитектурасы ұсынылды. Ол мобильді қосымшадан, деректерді сақтау және өңдеуге арналған серверлік бөліктен және төтенше жағдайлар қызметтері үшін веб негізделген басқару панелінен тұрады. Әзірленген мобильді қосымша координаттарды 8 12 метр дәлдікпен автоматты түрде тіркеуді, фотодеректерді геотегтеу және су деңгейі мен жер бедерінің сипаттамаларын енгізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті деңгейде жүргізілген пилоттық эксперимент нәтижелері ұсынылған жүйенің Қазақстан жағдайында су тасқындарын ерте анықтау мен жедел әрекет етуді қолдауда практикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетті.