ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ «ЖЕР-СУ» ҰҒЫМЫ: МИФОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН МІНӘЖАТ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.15
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада түркі халықтарының дәстүрлі дүниетанымындағы «Жер-Су» ұғымы мәтіндік, археологиялық және этнографиялық деректер негізінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «Жер-Су» ұғымының үш әлем моделіндегі орнын, саяси-рухани мәнін және мінәжат тәжірибелеріндегі қызме-тін айқындау.Осы мақсатқа жету үшін Орхон мәтіндеріндегі «ыдуқ Йер-Суб» тіркесінің мағынасы, сақ және ғұн дәуіріне қатысты деректердегі киелі кеңістік түсінігі, алтай, қырғыз, қазақ дәстүріндегі табиғатқа мінәжат ету үлгілері салыстырылды. Зерттеудің материалы ретінде жарияланған руникалық мәтіндер, Есік қорғанына қатысты археологиялық сипаттамалар, алтай және қырғыз этнографиялық экспедицияларының мәліметтері, қазақ дүниетанымына қатысты этномифологиялық деректер алынды.Зерттеу барысында мәтіндік-семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы әдіс, герменевтикалық түсіндіру және типологиялық салыстыру қолданылды. Негізгі назар «Жер-Су» ұғымын жай географиялық атау ретінде емес, киелі орта кеңістік, қауымдық қорғаныш, атақоныс және саяси легитимділік белгісі ретінде тануға аударылды. Мақалада алдыңғы зерттеушілердің пікірлері ғана тізілмей, сол еңбектерде жарияланған нақты мәтін, ғұрып, археологиялық және фольклорлық деректер өзара салыстырылды.Зерттеу нәтижесінде «Жер-Су» ұғымының үш қызметі анықталды. Біріншіден, ол жоғарғы Тәңір мен Ұмаймен қатар аталатын киелі күш ретінде көрінеді. Екіншіден, ол мемлекеттің тіршілік кеңістігін және атақоныстың тұтастығын білдіреді. Үшіншіден, ол қырғыздың «Жер-Суу таюу», алтайлықтардың тау рухтарына арналған жоралғылары, қазақтағы «Жер-Ана» түсінігі арқылы мінәжат тәжірибесінде сақталған. Бұл деректер «Жер-Су» ұғымының түркі халықтарының этникалық бірегейлігі мен табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетінің өзегінде тұрғанын көрсетеді.