Аннотация
7Li + 12C жүйесінің серпімді шашырауы ядроның құрылымын, кластерлік қасиеттерін және реакция механизмдерін зерттеуде маңызды рөл атқарады. Әртүрлі энергия диапазондарында жүргізілген Poling (1972), Schumacher (1973), Vineyard (1984), Katori (1988), Nadasen (1995), Parkar (2007) және Jun (2010) еңбектері осы жүйенің ерекшеліктерін ашып көрсетті: төмен энергияларда кулондық әсер мен параметрлік екіұштылық, орташада – дифракциялық минимумдар мен ыдырау әсері, жоғарыда – бірегей потенциалдар, тосқауыл маңында – қосылу процесі басым. Бұл шолу 7Li серпімді шашырауының энергияға тәуелді әртүрлі механизмдерін жүйелеп, олардың эволюциясын көрсетеді және литийдің астрофизикалық процестердегі рөлін түсіндіруге қосымша үлес қосады.