Лирикадағы «жалғыздық» коды (Гете-Лермонтов-Абай өлеңдері негізінде)

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026phi2(122)/182-194
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада лирикадағы «жалғыздық» ұғымы код түрінде қарастырылып, жалғыздық феноменінің поэтикалық және семиотикалық мәні назарға алынады. Бұл бағыттағы зерттеу неміс поэзиясының көрнекті өкілі И.В. Гёте, орыс әдебиетінің романтизм дәуіріндегі ірі тұлғасы М.Ю. Лермонтов және қазақ поэзиясының классигі Абай Құнанбайұлы шығармаларына талдау арқылы жүзеге асырылды. Аталған ақындар өлеңдеріндегі «жалғыздық» ұғымын зерделеуде философиялық-лирикалық бейнелеулердің маңызды рөлі түсіндіріледі. Жалғыздықтың лирикадағы көркем код ретінде алатын орнын ашып, оның универсал мағынаға ие екендігін көрсетіледі. Бұл ұғым тек белгілі бір дәуір немесе мәдениетке тән емес, керісінше адамзаттың жалпы рухани тәжірибесін бейнелейтіндігі дәйектеледі. Лирикалық поэзияда жалғыздық ұғымы арқылы тұлғаның шынайы болмысы, ішкі толғаныстары мен рухани ізденісі көрініс табатыны дәйектеледі. Жалғыздық — поэзияның мәңгілік тақырыптарының бірі ғана емес, сонымен бірге адамның рухани кемелденуінің кілті екендігі туралы тұжырым жасалады. Гете-Лермонтов-Абай өлеңдеріндегі жалғыздық код ретінде көркем бейнелеудің өзегінде тұрғаны айқындалды. Сондай-ақ әр ақынның ішкі рухани әлемі мен сол дәуірдегі қоғамдық ахуалдың бір-бірімен байланысы, қайшылықтары сараланады. Салыстыра талдау, структуралық-семиотикалық тұрғыда зерделеу арқылы әдеби-теориялық тұжырымдарға қол жеткізіледі. Авторлар жалғыздық категориясының әр ақында өзіндік қырынан көрінетінін, алайда олардың бәрінде де бұл ұғым тұлғаның ішкі әлемін танытатын әмбебап рухани тәжірибе ретінде орын алатынын айқындайды. Мақалада жалғыздықтың адамның шынайы болмысын ашатын маңызды көркемдік механизм екені көрсетіліп, оның поэзиядағы код ретіндегі қызметі нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Гёте лирикасында жалғыздық романтизм эстетикасымен сабақтас ішкі арпалыс пен рухани ретінде көрінеді. Романтизм эстетикасы тұрғысынан жалғыздық тұлғаның шығармашылық ізденісіне, табиғатпен үндесуіне, қағамнан оқшауланып, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Ақын табиғатпен үндесуге, әлеммен үйлесім таба алмаудан дүниеге келген күйзелісті бейнелеуге ерекше мән береді. Гётенің жалғыздығы оның өзінің ішкі «менін» іздеудің, адам мен қоғам арасындағы қақтығыстың бейнесін көрсетеді. Лермонтов поэзиясындда жалғыздық еркіндікке ұмытылған рухтың белгісі ретінде сипатталады. Оның лирикалық кейіпкерлері қоғаммен, тағдырмен, кейде өз-өзімен күрес жолында жалғыз қалады. Бұл жалғыздық трагедиялық мазмұнға ие болып, адамның мән іздеу жолындағы экзистенциалдық саяхатын бейнелейді. Лермонтов үшін жалғыздық еркін рухтың, тынымсыз ізденістің және қоғаммен келісе алмайтын тұлғаның көркем бейнесі. Абайдың жылғыздығы өзінің болмысына терең үңілуге, жалғандықтан арылуға жетелейтін рухани тәжірибе деп түсіндіреді. Оның лирикасында жалғыздық — қоғамнан бас тарту емес, адамдық шындықты іздеу жолындағы саналы таңдау. Абайдың еңбектерінде бұл — сопылық ойлаумен сабақтасқан рухани рефлексия, қоғамдағы әділетсіздікке жауап ретінде туған интеллектуалдық жалғыздық. Мақалада үш ақын поэзиясындағы жалғыздық феноменінің көркемдік қызметі айқындалып, оның лирикадағы әмбебап поэтикалық код ретіндегі орны теориялық тұрғыдан дәлелденеді.