PRESENTING NATIONAL HISTORICAL AND CULTURAL HERITAGE IN GLOBAL DISCOURSE: THE EXPERIENCE OF INTERNATIONAL AND WORLD EXPOSITIONS

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v25.i1.18
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада әлемдік көрмелер феномені жаһандық мәдени коммуникацияның және өркениеттер диалогінің маңызды тетігі ретінде қарастырылады. Авторлар әлемдік және халықаралық көрмелердің тарихи эволюциясын, олардың ұлттық тарихи-мәдени мұраны таныстырудағы рөлін өркениеттік тәсіл (civilizational approach) тұрғысынан талдайды. Мақалада Қазақстанның халықаралық деңгейде көрмеге қатысу және құру тәжірибесін ХІХ ғасырдан бастап осы кезеңге дейін салыстырмалы түрде көрсете отырып, оның ерекшеліктері мен айырмашылықтары, ұқсастығы ғылыми тұрғыда зерделенеді. Зерттеудің мақсаты ғылыми айналымға енген теориялық материалдарда, архивтік және музейлік құжаттарда жарияланған мәліметтер негізінде түрлі кезеңде дүниежүзілік көрмелерде ұсынылған қазақ халқының ұлттық тарихи-мәдени мұра коллекцияларының тағдыры мен оларды қалыптастыру барысын зерделеу. Мақаланы дайындау кезінде 1867, 1868, 1876, 1896 жылдары өткен Париж көрмесі, соның ішінде 1899 және 1900 жылғы Париж көрмесіне Ресей империясының ұйымдастыруымен Жетісу және Түркістан уездері мен Ыстықкөл өңірінен жеткізілген экспонаттар туралы архивтік құжаттар, экспонаттарды жинақтау, каталогтеу, тізбелеу, қаржылық шығындарын есептеу және т.б. дереккөздер, хат алмасу құжаттары сарапталды. Бұдан бөлек Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінің, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік өнер музейінің халықаралық көшпелі музейлік көрмелік жобалары туралы ақпарат зерделеніп, талдау жасалды.Ғылыми мақалада көрмені ұйымдастырудың кезеңдері, идеялық мәні, концептуалдық негіздері, көрмеге қойылған құнды заттардың іріктелуі, атрибуциясы, шетелдік көрерменге ұсынудың заманауи, жаңашыл форматтағы тәсілдері қарастырылған.