ФОСФОР ИНГИБИТОРЛАРДЫҢ БОЛАТТЫҢ ЖЕМІРІЛУІНЕ ҚАРСЫ ТИІМДІЛІГІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.454
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болаттың жемірілуге ұшырауын бәсеңдету үшін фосфат қосылыстары негізіндегі бейорганикалық ингибиторлардың тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі зерттелді. Натрий ортофосфаты (Na₃PO₄) және оның туындылары жемірілуді тежейтін қорғаныс қабықшаларын түзе отырып, болаттың бетін агрессивті ортадан оқшаулайды. Натрий ортофосфатының (Na₃PO₄) әсер ету механизмі – металл бетінде арнайы қорғаныс қабықшасын түзу арқылы ылғалды, тұз және қышқылды ортадан, яғни жемірілуден қорғау. Натрий дигидрофосфатынан 40-590 0С температурада қыздыру арқылы 45-300 мин ішінде фосфорлы ингибитор алынды. Алынған ингибитордың құрамы IRTracer-100 құрылғы арқылы инфрақызыл спектрлері түсіріліп, фосфат-анионға тән P–O және O–P–O байланыстарының тербелістеріне сәйкес жолақтар байқалады, бұл фосфатты қабаттың түзілуін көрсетеді. Зерттеу жұмыс аясында гравиметриялық әдіс арқылы 12Х18Н10Т маркалы аустенитті тот баспайтын болаттың жемірілу жылдамдығы анықталды. Фосфорлы ингибиторға синергетикалық әсерді күшейту және жүйені тұрақтандыру мақсатында мырыш сульфатының кристаллогидраты (ZnSO₄·7H₂O) қосылды, себебі мырыш иондары фосфорлы ингибиторлармен бірге металл бетінде қорғаушы қабықша түзіп, жемірілуді баяулатады, қорғаныш қабатын тығыз әрі тұрақты етеді. Зерттеу барысында болат таспалары әр түрлі орталарда (құбыр суы, теңіз суы, қабат суы, NaCl, HCl, H₂SO₄, HNO₃, Na2SO4, Na2CO3, NaHCO3, CaSO4 + NaHCO3, NaOH, Na2CO3 + Na2SO4, NaHCO3 + CaCl2, MgSO4 ерітінділері) 2, 4 және 8 тәулік аралығында зерттеліп, тәжірибе нәтижелері салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар, қолданылған фосфатты ингибиторлардың қоршаған ортаға әсері талданды. Олардан улы қалдықтардың түзілмейтіні анықталып, экологиялық қауіпсіздігі дәлелденді. Нәтижелер фосфор негізіндегі бейорганикалық ингибиторларды металл бұйымдарын қорғауда тиімді пайдалануға болатынын көрсетті. Осыған орай болаттың жемірілуден сақтаудың заманауи әдістерін жетілдіру маңызды. Фосфор құрамды ингибиторларды жемірілуге қарсы агент ретінде қолдану арқылы металдардың қызмет ету мерзімін ұзартудың бірден бір жолы ретінде қарастырылды.