ФЕДЕРАТИВТІ ОҚЫТУ: ТРАНСФОРМЕР АРХИТЕКТУРАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН МОДЕЛЬДЕР

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1726.440
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу барысында федеративті оқыту әдісі мен BERT, ALBERT және DistilBERT модельдерінің жұмыс істеу өнімділігін қарастырдық. Эксперимент кезінде деректер жиынтығын 3, 5, 7, 11 клиентке бөлу арқылы деректердің екі түрлі таралу әдісін қарастырдық. Біріншісі IID, яғни деректер жиынтығының біркелкі бөлінуіне негізделген әдіс. Екіншісі Non-IID, яғни керсінше деректер жиынтығының біркелкі емес бөлінуін сипаттайтын әдіс. Зерттеудің негізгі мақсаты федеративті оқыту әдісін қолдану арқылы агрессивті мазмұнды анықтау және классификациялау. Берілген модельдерді оқыту үшін English Profanity Words деген деректер жиынтығы пайдаланылды. Деректер жиынтығының сипаттамасы «Әдістер мен материалдар» бөлімінде ұсынылған. Эксперимент кезінде алынған модельдердің дәлдігі және оқу жылдамдығының нәтижелеріне талдау жұмыстары жасалды. Сонымен қатар деректер жиынтығын екі әдіс бойынша бөліп, клиент санын біртіндеп арттырып модель дәлдігінің өзгерістерін зерттедік. Нәтижесінде ALBERT моделі клиент саны артқан кезде жақсы көрсеткіш берді. Ал BERT моделі тұрақты нәтижелерге қол жеткізетінін және DistilBERT моделі басқа модельдермен салыстырғанда жоғары оқу жылдамдығына ие болғанымен дәлдігі төмен көрсеткіш берді. Алынған нәтижелер құпия деректермен жұмыс істегенде және федеративті оқыту модельдерін қолданған кезде қолайлы модельді таңдауға көмектеседі.