«ВILIMLAB» БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ҮШІН БІРЕГЕЙ БРЕНД-АЙДЕНТИКА МЕН КЕШЕНДІ ВИЗУАЛДЫ ДИЗАЙН ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63464/3079-3394-2026-2-5-11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «BilimLab» білім беру орталығы үшін бірегей бренд-айдентика мен визуалды дизайнның кешенді жүйесін әзірлеу процесі қарастырылады. Білім беру саласындағы брендинг пен визуалды коммуникациялардың теориялық негіздері зерттелді, білім беру мекемелерінің фирмалық стилін қалыптастырудың қазіргі заманғы үрдістері талданды. Орталықтың құндылығын, миссиясы мен білім беру бағытын көрсететін брендтің тұтас визуалды бейнесін жасауға ерекше назар аударылған. Зерттеу барысында бренд-айдентиканың негізгі элементтері, соның ішінде логотип, фирмалық түс палитрасы, типография, графикалық элементтер және оларды қолдану ережелері әзірленді. Сондай-ақ, баспа өнімдерінде, сандық ортада, жарнамалық және ақпараттық материалдарда пайдалану үшін визуалды дизайнның кешенді жүйесі ұсынылды. Білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда айдентика маңызды құрал болып табылады. «BilimLab» орталығы үшін әзірленген бренд-дизайн жүйесі логотип, фирмалық түстер, типографика және графикалық элементтерді қамтиды. Жаңадан ұсынылған фирмалық стиль ұйымның бірегейлігін айқындап, оның танымалдылығын арттыруға, аудитория сенімін нығайтуға және білім беру кеңістігіндегі коммуникациялық тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижелері брендтің танымалдылығын арттыруға, оның бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға және нысаналы аудиториямен тиімді коммуникацияны қалыптастыруға бағытталған.