Аннотация
Мақалада студенттерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға ынталандыратын себептер, студенттердің өмір салты, олардың физикалық жағдайын басқару мәселелері қарастырылады. Студент бос уақытын дұрыс бөліп, оны оқуға, денені шынықтыруға, дұрыс тамақтануға және жеткілікті ұйқыға арнай білуі тиіс. Спорттық секцияларда өткізілетін сабақтар студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.