БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН КІРІКТІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.54251/2522-4026.2026.2.20au
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бейорганикалық химияны оқыту үдерісінде халықтық педагогика элементтерін кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде жаратылыстану пәндерін оқыту білім алушыларды тек ғылыми біліммен қаруландырумен шектелмей, олардың ұлттық дүниетанымын, мәдени құндылықтарын және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұрғыда бейорганикалық химияның абстрактілі мазмұнын халықтық тәжірибемен байланыстыра оқыту білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолы ретінде негізделеді. Халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарының теориялық мәні ашылып, ұлттық дүниетанымда кездесетін металл, тұз, су, от сияқты ұғымдардың химиялық мазмұнмен өзара сабақтастығы талданады. Тәжірибелік бөлімде металдар, тұздар, оксидтер мен жану реакцияларын оқытуда халықтық тәжірибені қолдану үлгілері көрсетіледі. Алынған нәтижелер этнопедагогикалық тәсілдердің білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, жауапкершілік, экологиялық сана және ұлттық сана сияқты тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына оң әсер ететінін дәлелдейді.