ФРАГМЕНТТЕЛГЕН АУДИТОРИЯЛАР ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ІЗДЕР: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРҒА ШОЛУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2026.89.s1.002
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала коммуникациялық ортаның цифрлануы мен аудитория-лардың фрагментациясы жағдайында қалыптасып отырған әлеуметтанулық зерттеулердегі қазіргі әдіснамалық өзгерістерге аналитикалық шолу жасауға арналған. Респонденттердің жауап беруінің төмендеуі, аудиторияға қол жетімділіктің күрделенуі, репрезентативтіліктің шектелуі мен дәстүрлі сауалнама әдістерінің мәртебесінің өзгеруіне қатысты негізгі қатерлер қарастырылады. Цифрлық іздерге эмпирикалық деректердің жаңа түрі ретінде басты назар аударылады, ол айтарлықтай аналитикалық потенциалға ие, дегенмен ол платформаға тәуелді, мәнмәтін тұрғысынан толық емес және интерпретациялық күрделі мәселелерімен байланысты болады. Заманауи әдибеттерге шолу жасай отырып, цифрлық дәуірдің басты мәселесі дәстүрлі әдістерді жаңа цифрлық құралдармен алмастыру емес, декларативті және мінез-құлықты екі деректер логикасын үйлестіру қажеттілігі екені туралы тезис негізделді. Мақалада сауалнама мен цифрлық деректерді біріктіру заманауи әлеуметтанулық әдіснаманы дамытудың ең перспективалы бағыты болып табылатындығы көрсетілген, өйткені ол зерттеудің аналитикалық тереңдігін арттыруға және зерттеу стратегиясын деректер түрлерінің әрқайсысының шектеулеріне қатысты рефлексивті етуге мүмкіндік береді. Цифрландыру деректердің репрезентативтілігі, жарамдылығы мен сапа критерийлерін қайта қарауды, сондай-ақ цифрлық әлеуметтік әлемнің күрделілігі мен динамикасын ескеруге қабілетті гибридті зерттеу дизайнына көшуді талап етеді деп қорытындылаймыз.