БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала болашақ педагогтарды даярлау үдерісіне жасанды интеллектіні (ЖИ) жəне нейрондық желілерді енгізудің педагогикалық салдарын талдайды. Зерттеудің мақсаты –ЖИ технологиялары болашақ мұғалімнің кəсіби қалыптасуына, əдістемелік құзыреттеріне, этикалық жауапкершілігіне жəне кəсіби автономия сезіміне қалай əсер ететінін эмпирикалық тұрғыдан сипаттау. Зерттеу бір университеттің болашақ педагогтары үлгісінде жүргізілді; оқу барысында студенттер ЖИ-ді тапсырмаларды саралау, жекелендірілген кері байланыс беру,бағалау тілін жұмсарту, инклюзивті оқу сценарийлерін жобалау сияқты практикалық мақсаттарда пайдаланды. Нəтижелер ЖИ-дің тек техникалық құрал емес, “педагогикалық медиатор” рөлін атқаратынын көрсетті: студент өзін жай орындаушы емес, сабақтың дизайнері жəне оқыту ортасының ұйымдастырушысы ретінде сезіне бастайды. Алайда бұл эффект тек технологиялық құзыретпен шектелмейді жəне этикалық өлшемдермен шартталады: академиялық адалдық, оқушы деректерінің құпиялығы, зиян келтірмейтін кері байланыс тілі, жауапкершілікті иелену. Зерттеу сонымен қатар цифрлық теңсіздік факторының маңызын көрсетті: ЖИ-ге қолжетімділік, тілдік интерфейсті (қазақ/орыс/ағылшын) меңгеру жəне өзіндік цифрлық сенімділік деңгейі болашақ мұғалімдердің кəсіби автономиясында айырмашылықтар туғызады. Практикалық ұсыныс ретінде авторлар мұғалімдерді даярлау бағдарламаларына арнайы модульдер қосуды ұсынады (этикалық кері байланыс, ЖИ арқылы саралау, контекстке бейімдеу жəне деректер қауіпсіздігі). Қорытындылай келе, ЖИ педагогты алмастыратын механизм емес; ол кəсіби, этикалық жəне инклюзивті мұғалімді жылдам қалыптастырудың құралы бола алады, егер оны жауапкершілікпен жəне тең қолжетімділік қағидасымен оқытса.