ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.015
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын зерттеу жəне оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау қарастырлыған.Зерттеудің мақсаты –егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын кешенді түрде зерттеу жəне депрессиялық, мазасыздық көріністері мен негізгі эмоционалды модальділіктер арасындағы өзара байланыстарды анықтау болды. Эмпирикалық зерттеу үлгісіне орташа жасы 72 жыл болатын 48 адам кірді. Психоэмоционалды жағдайды бағалау үшін Бек депрессия шкаласы, Спилбергер–Ханин мазасыздық шкаласы жəне төрт модальды эмоционалды сауалнама қолданылды, бұл қатысушылардың субъективті эмоционалды тəжірибесін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.Нəтижелерге сəйкес, көпшілігінде субклиникалық депрессиялық жəне мазасыздық белгілері анықталды. Эмоциялық тəжірибелердің құрылымын талдау жағымды эмоциялардың төмен деңгейін жəне теріс эмоциялардың, əсіресе қайғы мен қорқыныштың басым екенін көрсетті. Корреляциялық талдау қайғы деңгейі мен депрессия, сондай-ақ қорқыныш пен ситуативтік жəне тұлғалық мазасыздық арасындағы статистикалық маңызды оң байланыстарды көрсетті.Зерттеу нəтижелері егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын кешенді түрде бағалаудың, эмоционалды компоненттердің өзара байланысын ескерудің маңыздылығын растайды жəне эмоционалды қиындықтарды ерте анықтау мен психологиялық қолдау бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.