МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ СТРЕСКЕ ТӨЗІМДІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Медицина саласында білім алатын студенттердің өзін өзі реттеуі мен стресскетөзімділігі мəселесі қазіргі психологиялық ғылымда ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Медициналық саланың кəсіби қалыптасу кезеңі жоғары эмоционалдық жəне когнитивтік кернеумен сипатталады, бұл студенттерден тұрақты өзін өзі реттеу механизмдері мен психологиялық тұрақтылықты талап етеді.Осы зерттеудің мақсаты –медициналық колледж студенттерінің мінез-құлық саморегуляциясының деңгейі мен психологиялық стрессоустойчивтілігі арасындағы өзара байланысты зерттеу, сондай-ақ олардың өзара əрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын анықтау болды. Зерттеуге медициналық колледждің екінші курсынан 62 студент қатысты. Эмпирикалық əдіс ретінде В.И. Моросанованың «Мінез-құлықтық өзін-өзі реттеу стилі» əдістемесі жəне В.В. Распопиннің «Стресске психологиялық төзімділікті бағалау сауалнамасы» (СПТБ) қолданылды. Талдау тек екі əдістеменің жалпы интегралдық көрсеткіштері бойынша жүргізілді.Нəтижелер көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі өзін-өзі реттеу мен стресскетөзімділіктің орта деңгейін көрсетті. Екі айнымалы арасында статистикалық маңызды оң корреляция анықталды (Спирмен коэффициенті θ= +0,62, p < 0,01), бұл жоғары саморегуляция деңгейінің стресс төзімділігінің артуымен байланысты екенін білдіреді. Бұл қорытынды саналы өзін-өзі реттеу стресс жағдайында эмоционалдық тұрақтылықты жəне адаптивті мінез-құлықты қолдауда шешуші рөл атқаратынын растайды.Аталған нəтижелер білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтердің тəжірибелік маңыздылығын көрсетеді жəне студент-медиктердің өзін өзі реттеу мен эмоционалдық тұрақтылық дағдыларын нығайтуға бағытталған алдын алу жəне дамытушы бағдарламаларды əзірлеу қажеттілігін айқындайды.