ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ СТРЕСС ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУШІЛЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің цифрлануы жағдайында студенттердің психоэмоционалдық жүктемесінің артуымен жəне олардың стресске төзімділігін дамыту қажеттілігімен айқындалады. Цифрлық білім беру ортасы оқу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, студенттердің өзін-өзі реттеу, эмоциялық тұрақтылық жəне бейімделу қабілеттеріне қойылатын талаптарды күшейтеді.Зерттеудің əдіснамалық негізін жүйелік, тұлғалық-іс-əрекеттік жəне реттеушілік тəсілдер, Р. Лазарустың транзакциялық стресс теориясы, В.И. Моросанованың саналы өзін-өзі реттеу тұжырымдамасы жəне С. Хобфоллдың ресурстарды сақтау теориясы құрады. Зерттеуге М. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Ө.Жəнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Педагогика жəне психология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 80 студент қатысты. Диагностикалық құралдар ретінде стресске төзімділігін, мазасыздықты, өзін-өзі реттеуді жəне копинг-стратегияларды бағалауға бағытталған валидті психодиагностикалық əдістемелер қолданылды. Қалыптастырушы эксперимент барысында цифрлық психоағартушылық модульдер, онлайн өзін-өзі реттеу тренингтері жəне рефлексивтік тапсырмалар енгізілді.Эксперимент нəтижелері эксперименттік топта стресске төзімділік деңгейінің статистикалық тұрғыдан мəнді жоғарылағанын (p ≤ 0,05), ситуативтік мазасыздықтың төмендегенін жəне бейімделгіш копинг-стратегиялардың артқанын көрсетті. Бұл стресске төзімділігінің мақсатты түрде дамытылатын динамикалық тұлғалық қасиет екенін дəлелдейді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы студенттердің стресске төзімділігін реттейтін психологиялық реттеушілерді анықтаумен жəне цифрлық білім беру ортасының дамытушы əлеуетін негіздеумен сипатталады. Практикалық маңыздылығы ұсынылған əдістемені Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының психологиялық қызметінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.