LLM НЕГІЗІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ШЕШІМДЕРІН ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛЕРІН БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жасанды интеллект агенттерінің тренд ретінде қалыптасуы, үлкен тілдік модельдер (LLM) негізінде жұмыс жасайтын цифрлық кеңесшілерді әр түрлі салаларға енгізуге қажеттілікті туғызады. Білім берудің дамушы ландшафтында осы салаға жасанды интеллект агенттерін енгізу: оқытуды жеке адамның қабілеттеріне сай таңдау, оқытушының жүктемесін азайту, инклюзивті оқыту секілді бірқатар өзекті мәселелердің шешімі болып табылады. Бұл мақалада аталған саладағы жетекші академиялық деректер базасының ауқымды жиынтығына сүйене отырып, соңғы 15 жылдағы ғылыми еңбектерге кешенді шолу жасалып, ықпалды авторлар мен басым тақырыптық топтар, негізгі зерттеу бағыттары анықталды. Зерттеу әдістемесі 2010–2025 жылдардағы Web of Science дерекқорынан іріктеліп алынған 1362 мақаланы библиометриялық талдауға негізделген, VOSviewer бағдарламалық жасақтамасы мен R бағдарламалау тілін қолдана отырып, желілік байланыстар мен кластерлік талдауды визуализациялауға арналған. Бұл библиометриялық анализ нәтижесінде үлкен тілдік модельдер негізіндегі білім берудегі цифрлық кеңесшілер тақырыбы аясындағы ғылыми әдебиеттердің интеллектуалды ландшафты картаға түсірілді. Бұл зерттеу LLM негізіндегі цифрлық көмекшілерді оңтайландыруға ұмтылатын зерттеушілерде құнды түсініктер қалыптастыруға көмектеседі. Нәтижелер бұл саладағы басты назар білім беру мекемелеріндегі жекешелендірілген оқыту мен шешім қабылдау жүйесін жақсарту, әкімшілік басқару операцияларын оңтайландыру секілді аспекттерге қойылғанын, дегенмен цифрлық кеңесшілердің ұзақ мерзімді әсері, ауқымдылығы, деректердің құпиялылығы, этика мәселелері және сенімді интеллектуалды басқару жүйелерінің қажеттігі секілді мәселелер әлі де болса тереңірек зерттеуді талап ететіндігін анықтады.