СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ТРАНСЦЕНДЕНТТІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Оқушыда математикалық сауаттылық, зерттеушілік және шығармашылық құзіреттілік қалыптастыру –математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі. Оқушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытудың бір жолы –қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді шығара білуге жаттықтыру мұғалімнің шеберлігі мен еңбекқорлығының нәтижесінде жүзеге асады.Стандартты емес трансцендентті есептер, сондай-ақ стандартты емес әдістермен шығарылатын есептер конкурстық, олимпиадалық тапсырмаларда жиі кездеседі. Мақалада стандартты емес трансценденттітеңдеулерді шешуде дәстүрлі әдістерден тыс жаңа стратегиялық әдістерді қолдануды қарастырады. Функцияның монотондылығын, шенелгендігін, жұптылығын, мүмкін мәндер жиынын қолдану, теңдеуді функцияға көбейту және сан аралықтарында зерттеу сияқты тәсілдер қарастырылады. Олардың қолданылуы мен тиімділігі мысалдар арқылы көрсетіледі. Стандартты емес теңдеулерді шешудің барлық тәсілдерін қарастырып шығу мүмкін емес. Қарастырылған мысалдардан стандартты емес трансцендентті теңдеулердішешу оқушылардың меңгерген материалдарын шығармашылықпен ұғынуына, ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Осындай мысалдар математикалық үйірмеде, сыныптан тыс сабақтарда, олимпиадаға дайындауда сондай-ақ қорытынды -қайталау сабақтарында қолдану арқылы стандартты емес тәсілдермен шешілетін теңдеулерді дәстүрлі емес әдістермен шығаруға, тиімді тәсілдерді іздеуге оқушыларды баулиды.Жұмыс қазіргі контексте теңдеулерді шешуге бірегей көзқарас ұсына отырып,жаңа перспективаларды ашады жәнеоқушыда математика пәнінешығармашылық көзқарасты шабыттандырады.