Аннотация
Мақалада жылжымалы шахта құдықтарын тазарту және дезинфекциялау қондырғысына зауыттық сынақтар жүргізуге арналған стендтік шахта құдығын қазу және жасау қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі лайлануға және микробиологиялық ластануға бейім орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін пайдалану және тазалау тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың мақсаты шахта құдықтарын пайдаланудың нақты жағдайларын жаңғыртуға, қондырғының функционалдық және ресурстық сипаттамаларын кешенді тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сынақ стендін құру болып табылады. Жұмыс орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Саймасай ауылы. Жобада тереңдігі 30 м–ге дейін және диаметрі 1,0-1,2 м-ге дейін реттелетін стендтік шахта құдығын құру көзделген, құрылым құрама темірбетон сақиналар немесе ішкі қаптамасы бар монолитті құрылым түрінде жүзеге асырылады. Зерттеу әдістері ретінде инженерлік жобалау, гидрогеологиялық жағдайларды модельдеу және эксперименттік сынақтар қолданылды. Стендтік құдықтың конструкциясы геометрияны, тереңдікті, түбіндегі шөгінділердің болуын және су ағынын қоса алғанда, негізгі пайдалану параметрлерін модельдеуді көздейді. Бұл өз кезегінде қондырғының әртүрлі жұмыс режимдерінде тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Жұмыста стендтің құрылымдық ерекшеліктері, сынақтарды жүргізу әдістемесі және қондырғының негізгі тораптарының тиімділігін бағалау критерийлері сипатталған. Әзірленген стендте сынақтар жүргізу жабдықтың құрылымдық кемшіліктерін анықтауға, жұмыс режимдерін оңтайландыруға және тұтастай алғанда жүйенің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелерге бірнеше сынақтар үшін эксперименттік база құру, далалық зерттеулерге шығындарды азайту және технологияны сумен жабдықтау тәжірибесіне енгізуді жеделдету кіреді. Ұсынылған тәсіл шахта құдықтарын тазарту мен дезинфекциялау сапасын арттыруды, су көздерінің санитарлық жағдайын, ауылдық және шалғай аудандардағы сумен жабдықтау сенімділігін жақсартуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері осы бағыттағы технологияларды одан әрі жетілдіруге ғылыми негіз бола алады.