АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – КӨРКЕМ ШЫҒАРМА КЕЙІПКЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2026.95.1.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының көркем әдебиеттегі бейнесіне сипаттама беріледі. ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезең қамтылған. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың ішінен арнау өлеңдер, эпиграммалар, поэмалар қаралды. 30–40 жылдарда жазылған туындылардың ішінен повестер, драмалық пьесалар, романдар көбірек назарға алынды. Алғашқы кезеңде жазылған поэзиялық туындылардағы автор позициясы, көркем шығармадағы идея мен ойдың тереңдігіне зер салынды. Қаламгерлердің ақындық шеберлігі талданды. Екінші кеңестік кезеңде жазылған шығармалардағы саяси реңк пен дәуір ерекшелігі көрініс берген тұстарға талдау жұмысы жүргізілді. Осы сәтте тәуекелге бел буып, тарихи шындықты боямасыз суреттеуге тырысқан жазушылардың еңбегі бағаланды. Саяси себептермен көркемдік шешімді өзгеше қабылдаған авторлардың тұжырымы негізге алынды. Арнау өлеңдердегі кейіпкер бейнесі талданды. Көркем шығармада жағымды және жағымсыз образдардың ерекшеліктеріне көңіл бөлінді. Осы тақырып аясында ізденіс жүргізген зерттеушілердің пікірлеріне назар аударылды. Ғалымдардың тұжырымдары тақырып аясын кеңейтуде маңызды рөл атқарды. Мақалада А. Байтұрсынұлы жайлы жазылған шығармалар хронологиялық ретпен талданып берілген.