Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда география сабақтарын құрылымдау технологиясы

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3106-9649/2026-1-2.gsd/24-32
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада функционалды сауаттылықты қалыптастыруда география сабақтарын құрылымдау технологиясының педагогикалық әлеуетін айқындауға арналған. Қазіргі білім беру жүйесінде функционалды сауаттылық білім алушылардың алған білімін күнделікті өмірде, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби жағдаяттарда тиімді қолдана алу қабілетімен сипатталады. Осы тұрғыдан алғанда, география пәні табиғи, әлеуметтік және экономикалық үдерістерді кешенді түрде түсіндіру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда маңызды орын алады. Зерттеуде география сабақтарын құрылымдаудың заманауи технологиялары қарастырылады. Атап айтқанда, сабақтың мақсат қою, проблемалық жағдаят тудыру, ақпаратты талдау, практикалық қолдану және рефлексия кезеңдерін жүйелі ұйымдастыру жолдары ұсынылады. Құрылымдау технологиясы білім алушылардың сыни ойлауын, кеңістіктік талдау дағдыларын, картамен, статистикалық деректермен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеу барысында функционалды сауаттылықтың құрамдас бөліктері – ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік және зерттеушілік құзыреттерді география сабақтарында қалыптастырудың әдістемелік тетіктері айқындалады. Зерттеу нәтижелері география пәні мұғалімдерінің тәжірибесінде, оқу бағдарламаларын жетілдіруде және білім беру процесінің сапасын арттыруда қолдануға бағытталған.