АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2024.1.1.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі кезеңде елімізде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты – ауылдық аумақтардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, инженерлік және коммуналдық қызметтер) даму динамикасын талдау, олардың аумақтық және сапалық қолжетімділік деңгейін бағалау, сондай-ақ негізгі проблемалар мен даму үрдістерін айқындау. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарындағы әлеуметтік инфрақұрылымның даму жағдайы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу барысында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қоры, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарының негізгі статистикалық көрсеткіштері талданған. Ауылдық жерлерде мектепке дейінгі ұйымдар саны мен ондағы балалар контингентінің тұрақты өсуі байқалғанымен, олардың ел бойынша жалпы көрсеткіштермен салыстырғанда үлесінің төмен екені анықталды. Жалпы республикада пайдалануға берілген мектептердің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқанымен, олардағы орындар саны жеткіліксіз болып отыр. Денсаулық сақтау саласында ауылдық аумақтарда негізінен амбулаториялық-емханалық ұйымдар пайдалануға беріліп, ауруханалар құрылысы мардымсыз деңгейде қалған. Сонымен қатар ауылдық тұрғын үй қорының жалпы көлемі өскенімен, оның жабдықталу деңгейі қала тұрғын үй қорымен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің екі есеге жуық өсуі ауыл шаруашылығы саласының экономикалық маңызын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда теңгерімсіздік пен аумақтық қолжетімділік мәселелерінің бар екенін дәлелдейді.