Аннотация
Мақалада көліктік-логистикалық тораптарды дамытудың ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен транзиттік әлеуетке әсері әлемдік тәжірибе тұрғысынан жан-жақты зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты –көліктік-логистикалық тораптардың жұмысын талдау арқылы олардыңҚазақстан экономикасына әсерін бағалау және халықаралық тәжірибе негізінде практикалық ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы талдау, статистикалық және аналитикалық өңдеу, жүйелік және құрылымдық тәсілдер қолданылды. Зерттеу барысында Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдерінің көліктік инфрақұрылымды дамыту модельдері салыстырмалы түрде қаралды. Әсіресе мультимодальды тораптар, цифрлық технологияларды енгізу, инфрақұрылымдық интеграция, логистикалық тиімділікті арттыру әдістері, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі жан-жақты талданды.Нәтижелер көрсеткендей, дамыған елдерде көліктік-логистикалық тораптардың үйлесімді жұмысы транзиттік әлеуетті арттырумен қатар экономикалық өсімге, сауда көлемінің ұлғаюына, инвестициялық тартымдылыққа, тиімділіктің жақсаруына және жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсерін тигізеді. Қытайдағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы халықаралық сауданы кеңейтсе, Германия мен Нидерланды тәжірибесі цифрландыру және интеграция арқылы логистикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Солтүстік Америка тәжірибесі нарыққа бейімделген, аналитикалық деректерді қолдану арқылы тасымалдау тиімділігін айтарлықтай арттырады және логистикалық операциялардың шығындарын төмендетеді.Қазақстанүшін зерттеу ұлттық транзиттікәлеуетті арттыруға, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мультимодальды инфрақұрылымды дамытуға, цифрлық технологияларды енгізуге, логистикалық тиімділікті көтеруге және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы нақты практикалық ұсыныстар жасауғанақты негіз береді.