ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ РӨЛІ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2024.2.2.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргітаңда жаһандық энергетикалық жүйенің трансформациясы әлемдік деңгейдегі өзекті ғылыми және практикалық мәселелердің біріне айналып отыр. Мақалада қазіргі кезеңдегі жаһандық энергетикалық жүйенің трансформациясы жағдайында жаңартылатын энергия көздерінің маңыздылығы мен өзектілігі қарастырылады. Энергия ресурстарына деген сұраныстың тұрақты түрде артуы, қазба отын қорларының шектеулілігі және олардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсері баламалы әрі экологиялық таза энергия көздерін дамыту қажеттілігін айқындайды. Зерттеу барысында жаңартылатын энергия көздерінің мәні мен мазмұнына қатысты отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге, халықаралық ұйымдардың баяндамаларына және нормативтік-құқықтық құжаттарға сүйене отырып теориялық талдау жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көздерінің даму үрдістері ресми статистикалық деректер негізінде зерттелді. Жел, күн, су және биогаз электр станцияларының саны, олардың белгіленген қуаты мен электр энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы жан-жақты талданды. Зерттеу нәтижелері елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі жыл сайын артып келе жатқанын, әсіресе күн және жел энергетикасының қарқынды дамып отырғанын көрсетеді. Алынған тұжырымдар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетикалық балансты әртараптандыру және тұрақты даму қағидаттарын іске асыру тұрғысынан ғылыми жәнепрактикалық маңызға ие.