Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері

Comparative Turkish dialect and literatures., 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.62425/ctdal.1903300
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада әдебиеттанудағы өзекті мәселелердің бірі көркем шындық пен тарихилық ұғымдарының арақатынасы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көркем мәтіндегі тарихи шындықтың бейнелену жолдарын, авторлық қиял мен деректілік арасындағы шекараны айқындау. Зерттеудің материалдық негізін көркем шындық пен тарихилық мәселесіне арналған философиялық, эстетикалық еңбектермен қатар көркем шындық ұғымын қазіргі әдебиеттану тұрғысынан түсіндіретін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеушілердің көркемдік шындық, тарихилық туралы тұжырымдары жүйеленіп, олардың әдеби талдаудағы маңызы айқындалады. Көркем шығармадағы шындықтың эстетикалық табиғатын айқындайтын теориялық ұғым мимесис (mimesis) пен сол шындықты тудыратын шығармашылық әрекет ретіндегі көркем қиялға анықтама беріліп, айырмашылығы дәлелденеді. Зерттеу барысында салыстырмалы және сипаттамалық әдістер, зерттеу нәтижелерін тұжырымдауда интерпретациялық және герменевтикалық тәсілдер қолданылды. Соның негізінде қарастырылған теориялық көзқарастардың ғылыми сабақтастығы мен айырмашылықтары анықталады. Әдеби туындыдағы тарихи фактілердің көркемдік өңдеуден өтуі автор дүниетанымы мен эстетикалық ұстанымына тәуелді екені дәлелденеді. Мақала нәтижелері көркем шындық пен тарихилықтың өзара сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді және әдебиеттану мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулерге теориялық тірек бола алады.