СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН ІІІ ДЕҢГЕЙДЕГІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕІНГІ БАЛАЛАРДЫҢСӨЗ ТІРКЕСІН ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2960-1673.2026.84.1.002
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған (СТЖД) ІІІ деңгейдегі мектеп жасына дейінгі балалардың сөз тіркесін құрастыру ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылады. Теориялық негіздеме отандық және шетелдік лингвистика, психология және логопедия ғылымдарының еңбектеріне сүйене отырып талданған (Н. С. Валгина, В. В. Виноградов, Л. С. Выготский, В. А. Ковшиков, Р. И. Лалаева, Қ. Жұбанов және т.б.). Зерттеу барысында зат есім + сын есім үлгісіндегі сөз тіркестерін құрастыру бойынша бес диагностикалық тапсырма қолданылып, 20 баланың нәтижелері сапалық және сандық тұрғыда сараланды. Нәтижелер балалардың грамматикалық байланыстарды орнатуда, сөздердің орын тәртібін сақтауда, пішін, түс, көлем, дәм және сапалық белгілерді сөзбен сәйкестендіруде айтарлықтай қиындықтарға ие екенін көрсетті. СТЖД ІІІ деңгейлі балалардың көпшілігінде сөз тіркесін өздігінен құру дағдысы жеткіліксіз қалыптасқан. Зерттеу логопедиялық түзету жұмыстарының мазмұнын жетілдіру, көрнекілік, модельдеу және ойын технологияларын қолданудың маңызын айқындайды.