АУЫЗША АУДАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8463.2026.53.1.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүкіл әлем елдері мен халықтары арасындағы ақпарат алмасу мен мәдениетаралық қарым-қатынас қазіргі жаhандану процесі аса жедел жүріп жатқан кезеңде аударма қазіргі қоғамүшін өте маңызды. Аударманың мақсаты -бұл тек басқа тілдегі сөздерді таңдау ғана емес, сонымен қатар мағынаны, соның ішінде астарлы мәтінді жеткізу де болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі әлемде халықтар арасындағы байланыстың қай түрі болмасын, оның ұйытқысы түрлі аударма жұмысы екені сөзсіз және ол дерлік барлық елдер үшінөте маңызды. Аударма түрлерінің ішіндегі ауызша аударманың бір ерекшелігі оның жазбаша аудармаға қарағанда дәйекті болуында, яғни қабылдау, талдау, синтез жасау қатар жүретін әрекеттер. Мұндай дағдыларды меңгеру тәжірибе арқылы келеді. Ауызша аударма арқылы берілетін ақпаратта фонетика, морфология, синтаксис, стилистика сияқты тілдің барлық аспектілері бірден қолданылып, көрініс табады. Ауызша аударма аудармашыдан жоғарыда атап өткендей, тез арада бір тілден екінші тілге талдау, синтез жасау процесіне ауысуды талап етеді. Халықаралықкеліссөздердің табысты болуы көбінесе аударма сапасына байланысты. Сондықтан, аударманың мәнін түсіну, сондай-ақ аудармашы аударма процесінде кездестіруі мүмкін ықтимал қиындықтарды білу болашақта кәсіби қателіктерденаулақ болуға көмектеседі. Басқа тілде дереу икемді және тиісті түрде жеткізілуі тиіс идеяны түрлендіру қабілетін қажет етеді.