ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНДЕГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала алаш қайраткері Ғұмар Қараштың 1919 жылы жарық көрген «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдарды зерттеуге арналған. Мақаланың мақсаты–Ғұмар Қараштың «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру контекстіндегі интерпретациясын анықтау. Ізденіс материалы–«Педагогика» еңбегінің түпнұсқасы мен қазіргі білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары. Тақырыптың өзектілігі–«Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру контекстіндегі өзектілігі мен маңызы толықтай қарастырылмағанында жатыр. Ізденіс мәліметтерін жүйелеу, жіктеу үдерісінде «Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру жүйесінде интерпретациялау үшін салыстырмалы талдау жүргізу, әдістемелік интерпретация, жинақтау, жүйелеу, бағалау, пікірлерді қорыту әдіс-тәсілдеріқолданылды. Зерттеудің маңыздылығы–«Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдардың қазіргі білім беру жүйесіндегі өзектілігіне көз жеткізу арқылы, XX ғасыр басындағы ұлттық оқыту тәжірбиесінің маңыздылығын анықтау. Ізденіс нәтижесінде«Педагогика» еңбегіндегі әдістемелік тұжырымдар қазіргі оқытудағы дидактикалық ұстанымдармен салыстырылды, жаңартылған білім беру мазмұнындағы интербелсенді оқыту жүйесімен ортақ екендігі дәлелденді, олардың ара қатысы, айырмашылықтары көрсетілді.Эмпирикалық талдаулар нәтижесін ЖОО-да оқытылатын 6В01701 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бағдарламасының «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні мен «Алаштану және ұлттық білім беру саясаты», сонымен қатар, Ғұмартанусаласының әдіснамалық негізі етуге болады.