ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЛКЕТАНУ БІЛІМІН ӨЗІНДІК ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.031
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оқушылардың өзіндік зерттеу әрекетін ұйымдастыру арқылы туған өлке өсімдіктері туралы білімін арттырудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты –биология сабақтарында өзіндік зерттеу әрекетіне негізделген оқытудың оқушылардыңтуған өлке өсімдіктері туралы білім деңгейіне ықпалын анықтау. Зерттеу жалпы білім беретін мектептің 7–9 сыныптарында оқитын 112 оқушының қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері өзіндік зерттеу әрекетін қолдану оқушылардың туған өлке өсімдіктері туралы білімін жүйелі түрде арттыратынын көрсетті. Алынған нәтижелерді биология пәнін оқыту тәжірибесінде қолдануға болады. Анықталған мәселені шешуде «Ботаникалық өлкетану» курсын ұйымдастыру ұсынылады. Аталмыш мәселе 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарының ішінде -сапалы білім беру (ТДМ 4), құрлық экожүйесін сақтау (ТДМ 15) –секілді мақсаттарға жетуде маңызы зор. Сонымен қатар, PISA зерттеулері оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын бағалауға ерекше мән беретіні де белгілі. Бұл өз кезегінде жүргізілген зерттеудің өзектілігін айқындайды.