ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЗАҢДЫЛЫҚ ҚАҒИДАТЫ ЖАЙЫНДА

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52425/25187252_2026_39_11
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасының Әкімшілік сот ісін жүргізудегі заңдылық қағидатының мазмұны мен рөлін кешенді талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты заңдылық қағидатын нормативтік және доктриналдық түсінуді нақтылау, оның әділеттілік, мөлшерлестік қағидаттарымен байланысын анықтау. Зерттеу нормативтік құқықтық актілерді талдауды, шетелдік тәжірибені шолуды, сондай-ақ деректерді статистикалық талдауды қамтитын кешенді ішкі бағытқа сүйенеді. Әдіснамалық негізді Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексін және мамандандырылған әкімшілік соттардың сот тәжірибесін талдауға негіз болатын ресми заңды, салыстырмалы құқықтық, жүйелік және құрылымдық-функционалдық әдістер құрайды. Заңдылық қағидаты әкімшілік процестің жүйе құраушы бастамасы болып табылатыны көрсетілген, бірақ оны іске асыру әкімшілік және азаматтық соттар арасындағы юрисдикцияның қақтығыстарымен, құқықтық реттеудегі олқылықтармен және қоғамдық қызығушылық пен әкімшілік қалауды бағалау тәсілдерінің күрделене түсетіндігімен сипатталады. Әділдік пен субъективті құқықтарды тиімді қорғауды, сондай-ақ әкімшілік әділетті дамытудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, заңнаманы және сот практикасын одан әрі жетілдіруді талап ете отырып, оны бірлікте түсіндіруді көздейтін заңдылықты материалдық түсіну қажеттілігі негізделеді.