Әйелдерге қатысты манипуляцияның жариялылығы мәселелері

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7174-2026-154-1-149-162
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Әйелдерге жасалатын манипуляция – гендерлік теңсіздік пен стереотиптердің нәтижесінде туындайтын күрделі әлеуметтік және психологиялық құбылыс. Бұл мақалада әйелдерге жасалатын манипулияция түрлері мен оның жариялылығы мәселелері талданды. Арнайы жүргізілген зерттеу жұмысы арқылы әйелдердің өміріндегі ең жиі орын алатын қысым көрсету түрлері мен одан кейінгі әрекеті, оған қатысты көзқарас, қоршаған ортасындағы осы құбылыстың құрбаны болған әйелдер жайлы ақпараттар анықталды. Қазіргі БАҚ-тағы осы мәселенің жариялануы мен ашық айтылуы нақты мысалдармен дәлелденді. Арнайы зерттеудің мақсаты – әйелдерге жасалатын манипуляцияның медиада ашық жариялануына жол ашу, қысылмай баяндауға түрткі болу, құрбан болудан құтқаратын тәсілдерді жан-жақты деректі ақпараттармен түсіндіру. Әйел өмірі қоғам пікірінен биік екенін, психологиялық манипуляциямен күресу жолы бар екенін ашық көрсетуді мақсат тұттық. Зерттеудің қорытынды тұжырымы арқылы мәжбүрлеуге тап болған әйелдердің оқиғаныашық жариялауға қорқып, әрекетсіз қалатындығы анықталды. Күшпен манипуляция жасап, зорлық-зомбылыққа әкелген жағдайлар да, өтірік мақтаумен жасалатын манипулияциялар да жиі кездеседі. Мақалада мұндай деректер де ашық талданды. Әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі – әрбір қоғам мүшесінің ортақ міндеті.