БОЛАШАҚ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ЦИФРЛЫҚ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАР ЖАСАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2026.89.1.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі замандағы кез келген физика пәні мұғалімі цифрлық көрнекілік құралдарын құрастыруға бейімді болуы керек деген талап негізгі түрткі болып отыр. Бейімділіктің қалыптасуына мұғалімнің бойындағы сараптау бағытындағы виртуалды шығармашылдық жобаларды жүзеге асыру қабілеті шешуші әсер беретіндігі туралы айтылды. Цифрлық көрнекілік құрал жасау барысы шығармашылдық іс-әрекет әдістерін жүзеге асырудан тұратындығы ескеріліп, болашақ мұғалімнің студенттік кезеңіненбастап бұл бағытта аналитикалық зерттеулер жүргізуі керектігі айқындалды. Жұмыстың мақсаты виртуалданған білім беру құралдарының табиғи көрнекілік құралдардан артықшылықтары, кемшіліктері, жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар, оларды шешу жолдарыжәне цифрлық көрнекілік құрал жасау үшін көрнекілік-аналитикалық әдістерін қолданудағы педагогикалық ерекшеліктерді қарастыру болып отыр. Зерттеу материалдары ретінде педагогика негізін қалаушы ғалымдар еңбектері, рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектер, сандық-сараптамалық технологиялар қолданылды. Виртуалды зерттеу ортасын құруда ЖОО-дағы болашақ мұғалімнің санасында аналитикалық көзқарасты қалыптастыру алгоритмін алға тарту мәселелері өзекті деп танылды. Көрнекілік жасау барысында ескерілуге тиісті көрнекілік аналитика ұғымы енгізілді, педагогикалық жағдаяттар келтіріліп, теоремалар ұсынылды. Аналитикалық модел негізінде құрастырылған әдістемені пайдалана отырып, көрнекіленген оқу құралын жасау тапсырмасы студенттермен жүзеге асырылды. Зерттеудің нәтижесі ретінде осы тапсырмаларды студенттер қаншалықты деңгейде орындағандығы сарапталды. Көрнекіленген оқыту құралдарын жасауда көрнекілік-аналитикалық әдістерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері анықталды.