ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ҚҰМАР ОЙЫНДАР: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ, ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj1171202613
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Құмар ойындардың цифрлануы, онлайн-букмекерлік сервистер мен мобильді қосымшалардың кеңеюі кәмелетке толмағандардың онлайн-гемблингке тартылу тәуекелін күшейтіп, бұл құбылысты құқықтық реттеу және қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан өзекті мәселе ретінде алға шығарады. Талдау нәтижелері Қазақстанда құмар ойын саласының базалық құқықтық қаңқасы және заңсыз онлайн-сегментке қарсы мониторинг пен бұғаттау тетіктері қалыптасқанын көрсетті, алайда онлайн ортаның шекарааралық сипаты, төлемдердің жеделдігі, анонимділік, «айна сайттар» мен техникалық айналып өту мүмкіндіктері бұл шаралардың тұрақты тиімділігін шектейді. Ең осал буын ретінде жасқа байланысты верификация (age verification/KYC) стандарттарының жеткілікті біріздендірілмеуі және жаңа медиа кеңістіктегі маркетинг ықпалы (әлеуметтік желідегі кіріктірілген жарнама, инфлюенсерлік интеграциялар, спорт контентімен байланысқан промо, бонус-акциялық ынталандыру) айқындалды. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда жасөспірімдерді онлайн-гемблингтен қорғауға қатысты қолданыстағы құқықтық механизмдерді кешенді талдап, қолжетімділікті шектеу және превенция шараларының тиімділігі мен осал тұстарын айқындау, сондай-ақ шетелдік және ТМД елдерінің тәжірибесімен салыстыру арқылы реттеуді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген қорытындылар ұсыну. Зерттеудің әдіснамалық негізін формальды-құқықтық, жүйелік және салыстырмалы-құқықтық әдістер, сондай-ақ уәкілетті органдардың ресми жарияланымдарына сүйенген құқық қолдану тәжірибесін талдау құрады. Мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы кәмелетке толмағандарды қорғау мәселесін тек моральдық-әлеуметтік проблема ретінде емес, цифрлық дәуірдегі құқықтық қауіпсіздік және реттеу тиімділігі мәселесі ретінде қарастыруымен айқындалады. Бұл зерттеуді «Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың көпсалалы стратегиялары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (№ BR24992927 бағдарлама). Түйін сөздер: жасөспірімдер, онлайн-гемблинг, лудомания, қолжетімділікті шектеу, жасқа верификация, құқықтық реттеу, жарнама, превенция.