САҚТАНДЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР

Journal of actual problems of jurisprudence, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj1171202612
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала нарықтық қатынастардың трансформациясы және интеграциялық үдерістер жағдайында сақтандыру құқығының даму перспективаларын зерттеуге арналған. Ғылыми зерттеудің мақсаты – халықаралық интеграция жағдайында қазіргі нарықтық қатынастардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, сақтандыру құқығының негізгі даму бағыттарын айқындау. Мақалада сақтандыру құқығының кешенді құқық саласы ретінде қалыптасып жатқандығы туралы жазылған. Оның дәлелі ретінде автор сақтандыру құқығын кешенді құқық саласы ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін белгілерге тоқталады. Сонымен қатар мақалада сақтандыру қатынастарында орын алатын диспозитивтік және императивтік әдістердің қолданылу ерекшеліктері айқын көрсетілген. Зерттеудің өзектілігі - сақтандыру құқығының даму перспективаларын қазіргі нарықтық қатынастардың трансформациясы және халықаралық интеграциялық үдерістер жағдайында қайта пайымдау. Теориялық қағидалар мен қолданыстағы сақтандыру заңнамасы жүйесіне кешенді талдау жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі сақтандыру құқығын одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды. Одан бөлек, автор сақтандыру құқығы теориясының мәселелерін қарастырған әртүрлі ғалымдардың, оның ішінде посткеңестік кеңістіктегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдамаларына жан-жақты зерттеу жүргізді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы алынған нәтижелерді сақтандыру құқығы саласындағы болашақ ғылыми ізденістерге пайдалану мүмкіндігімен айқындалады. Практикалық маңыздылығы сақтандыру құқықтық қатынастары саласындағы зерттеу бағыттарын жүйелеу және сақтандыру құқығының теориялық ережелерін жетілдіру болып табылады. Түйін сөздер: халықаралық интеграция, сақтандыру заңнамасы, сақтандыру қатынастары, сақтандыру құқығы, сақтандыру қызметі, сақтандыру құқығының пәні, сақтандыру шарты.