Вестник ЗКУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.101(1).20
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ИНТЕГРАЦИЯ Аңдатпа.Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастық пен интеграциялық үдерістер тарихи, мәдени және тілдік байланыстары негізінде қалыптасып, дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі.Бұл зерттеу екі елдің ғылыми байланыстарын тереңірек түсінуге және олардың тиімділігін арттыруға жаңа көзқарас ұсынуды көздейді.Мақалада Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастық ерекшеліктері, жетістіктері мен болашақ мүмкіндіктері талданып, екі елдің білім беру жүйелері мен ғылыми-зерттеу институттарының өзара ықпалдастығының болашақтағы даму мүмкіндіктері қарастырылған.Зерттеудің негізгі мақсаты -түркітілдес елдер арасындағы тарихи байланыстар негізінде қалыптасқан ғылыми интеграцияның маңыздылығын ашып көрсету,екі мемлекет арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктерін және даму әлеуетін талдау.Зерттеуде тарихи-аналитикалық, салыстырмалы талдау әдістері, статистикалық талдау тәсілдер қолданылды.Аталған әдістер арқылы алынған деректер сапалық және сандық тұрғыдан талданып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастықтың қалыптасу тарихы мен перспективалары анықталды.Зерттеу әдістемесі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін тереңірек түсінуге және болашақтағы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Мақалада интеграцияның білім саласындағы маңызы мен оның екі елдің ғылыми қауымдастығы үшін әсері қарастырылады.