Вестник ЗКУ

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2026.101(1).9
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

МҰХТАР МАҒАУИННІҢ "АЛАСАПЫРАН" РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ Аңдатпа.Бұл мақалада қазақ әдебиетінің қас шебері Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран" романындағы ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісі зерттеледі.Тарихи роман әр халықтың өткенін сараптап, болашағына көпір салатын ұлы жол тәрізді.Әлем халқының ұлттық құндылықтары әдебиет арқылы, тарихи романдар арқылы қайта жаңғырып, ұлт мұрасының өскелең ұрпаққа саф күйінде жетуіне тікелей мұрындық болып келеді.Мұхтар Мағауиннің "Аласапыран" романы терең зерттеуді қажет ететін терең тынысты туынды.Зерттеу барысында көркем мәтіндегі көнерген сөздер, мақал-мәтелдердегі ұлттық сана мен дәстүрлі құндылықтарды бейнелеудегі тың тәсілдері айшықталады.Романдағы тілдік бірліктер арқылы қазақ халқының тарихи жады, дүниені қабылдау ерекшелігі, әлеуметтік иерархиясы, билік пен ерлік ұғымдары, салт-дәстүр мен рухани құндылықтары көрініс табатыны көрсетіледі.Сонымен қатар автордың тілдік таңдауындағы стильдік ерекшеліктер мен семантикалық қабаттар ұлттық дүниетанымның көркемдік моделін қалыптастырудағы маңызды фактор ретінде қарастырылады.Зерттеу нәтижелері «Аласапыран» романының қазақ әдебиетіндегі тарихи сананы жаңғыртушы, ұлттық рухты танытушы көркем туынды ретіндегі маңызын айқындайды.