Қазақстанның батыс өңіріндегі ортағасырлық қалалардың тарихи топографиясы

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2026.1.31.11.33
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ұсынылып отырған мақалада тарихи-топографиялық аспектіде Батыс Қазақстан аумағында орналасқан ортағасырлық қалалардың археологиялық материалдарын талдау нәтижелері жарияланған. Қазақстанның батыс өңіріндегі қалалық мәдениетті зерттеу отандық археологияның өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің шеңберінде кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу үшін тарихи-мәдени мұра ескерткіштері көп тіркелген перспективалы аймақ – Маңғыстау түбегі мен Жайық өзенінің бассейні. Мақалада қалалық орталықтардың пайда болуына және орта ғасырлардағы урбанизациялық процестердің ерекшеліктеріне, атап айтқанда қалалардың топографиясында жүз берген өзгерістерге, жаңа құрылымдық элементтердің пайда болуына қысқаша талдау берілген. Адамзат тарихында сауда, оның ішінде халықаралық сауда ортағасырлық қаланың қалыптасуына және өмір сүруіне үлкен ықпалын тигізгені көпшілікке мәлім. Х ғ. бастап өңірде жергілікті, аймақтық және халықаралық сауданың дамуы нәтижесінде қалалар қалыптаса бастады. Қаланың өмірі, оның әл-ауқаты мен өркендеуі саудаға тікелей байланысты болған. Өңірдегі қалалардың Орталық Азияның ортағасырлық қалаларынан даму деңгейі кем болмағандығын соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер дәлелдеді. Мысалы, Қызылқаланың орталық бөлігі бекініс пен тығыз инфрақұрылымды шахристаннан тұрған. Шахристанға іргелес жерде рабад пен тұрғын үйлер кешені шоғырланған. Сонымен қатар дамыған ирригациялық жүйелері қалыптасқан аймағында қала тұрғындарының егіншілікпен айналысатын алқаптары да болған. Мақалада өңірдің ортағасырлық қалалары туралы мәліметтерге және олардың орналасқан жерін баламалап анықтайтын жазбаша дереккөздерге де шолу жасалады. Солтүстік-Шығыс Каспий маңы тарихи-географиялық шағын ауданының ортағасырлық қалаларын жүйелеуге әрекет жасалды.