Аннотация
Температура –температура градиенті және температура –жылу ағынының тығыздығы фазалық жазықтықтарындағы жылуөткізгіштіктің шектік есебінің шекаралық шарттарын талдаудың әдісі қарастырылған. Берілген жазықтықтардағысызықтық шекаралық шарттардың түрлерінің ерекшеліктері талданған. Фазалық жазықтықтардағы бейсызықтық шекаралық шарттар екі жағдай үшін зерттелген. Температураның таралу есебінің экспериментік және теориялық зерттеу нәтижелері салыстырылды.