Аннотация
Мақалада таза табиғи талшықтардан ғана емес, құрамына химиялық жолдармен өңдеу нәтижесінде алынатын жасанды және синтетикалық талшықтар қосылып шығарылатын аралас маталардың электрленгіштік қасиеттерін зерттеу сұрақтары қарастырылған. Қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарда келтірілген талаптарға сәйкес, талшықтық құрамдары аралас текстиль маталарының электрленгіштік көрсеткіштерін анықтау мақсатында сынақ тәжірибесі орындалған.