STATIC TESTS OF DRIVEN PILES IN SUBSIDENCE SOIL CONDITIONS OF TYPE I

2026

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/tpqc2682
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада I типті шөгуге бейім топырақтарда жүргізілген қағылған темірбетон қадалардың далалық сынақтарының нәтижелері қарастырылған.Сынақтар салынып жатқан зауыттың жөндеу-механикалық шеберханасының құрылыс алаңында орындалды. Зерттеудің негізгі мақсаты –шөгуге бейім топырақ жағдайында тік бағыттағы статикалық басу жүктемесі әсерінен қағылған қадалардың көтергіштік қабілетін анықтау болды. Статикалық сынақтар МЕМСТ 5686-2012 талаптарына сәйкес жүргізілді. Жүктеме түсіру алдында шөгуге бейім топырақты суғақанықтыру мақсатында негіз 3,8 м тереңдікке дейін алдын ала суландырылды. Инженерлік-геологиялық ізденістер аясында топырақ үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізіліп, олардың физика-механикалық қасиеттері анықталды, сондай-ақ жүктеме мен уақытқа байланысты қаданың шөгу графиктері тұрғызылды.Сынақ нәтижелері бойынша С120.30-13 маркалы қағылған қадалардың жоғары көтергіштік қабілетке (1083 кН-ға дейін) және өте аз шөгу мәндеріне (4,7 мм-ге дейін) ие екендігі анықталды. Бұл көрсеткіштер олардың күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда құрылыс жүргізу кезінде тиімді әрі сенімді екенін дәлелдейді.