АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

International Journal of Economics and Project Management, 2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2026.1.1.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада агроөнеркәсіптік кешеннің экономикалық және экологиялық тиімділігін арттыру аясында ауыл шаруашылығында күн энергиясын пайдаланудың заманауи бағыттары қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі аграрлық өндірістің энергетикалық шығындарының өсуіне, көміртегі ізін азайту қажеттілігіне және климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты. Зерттеудің мақсаты аграрлық секторда күн энергетикасын қолданудың инновациялық технологияларын талдау және олардың экономикалық және экологиялық әсерін бағалау болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми әдебиеттерді талдау және жалпылау, салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл және тұжырымдамалық модельдеу әдістері болды. Жұмыста агрофотовольтаикалық жүйелерді, күн суаруқондырғыларын, интеллектуалды дәл егіншілік жүйелерін және гибридті энергия шешімдерін атқару үшін күн энергиясын пайдаланудың негізгі технологиялары жүйеленген. Технологиялық шешімдердің экономикалық және экологиялық нәтижелермен байланысын көрсететін ауыл шаруашылығындағы күн энергетикасы тиімділігінің тұжырымдамалық моделі жасалды. Нәтижелер күн және цифрлық технологиялардың кешенді интеграциясы өндіріс шығындарын азайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және аграрлық өндірістің тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін көрсетеді. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы ауыл шаруашылығын энергетикалық жаңғырту стратегияларын және агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде ұсынылған модельді қолдану мүмкіндігі болып табылады.