Ыңғайластық қатынасты функционалды бағытта оқыту: теориялық негіз және дидактикалық талдау

2026

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2026-1-145-153
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазақ тілін функционалды бағытта оқыту аясында ыңғайластық қатынасты теориялық және лингводидактикалық тұрғыдан сипаттауға арналған. Зерттеуде функционалды синтаксис ұстанымына сүйеніп, синтаксистік қатынас компоненттердің формалық байланысымен ғана емес, олардың семантикалық корреляциясы мен мәтіндегі коммуникативтік қызметі арқылы айқындалатыны негізге алынды. Талдау «мағынадан – құрылымға» қағидаты бойынша жүргізілді. Материал ретінде қазақ тілі оқулықтарындағы құрмалас сөйлем тақырыптарына қатысты ереже, мысал, мәтін және тапсырмалар іріктеліп, «ереже–мысал–жаттығу» сәйкестігі, құрылымдық өлшемдердің сақталуы және деңгейаралық сабақтастық критерийлері бойынша бағаланды. Талдау нәтижелері бірқатар оқулықтарда функционалдық сабақтастықтың әлсіздігін, мысал мен тапсырма арасындағы сәйкессіздіктерді және құрмалас сөйлемнің предикативтік негізін түсіндірудегі олқылықтарды көрсетті. Осыған байланысты ыңғайластықты деңгейаралық сабақтастықпен меңгертетін әдістемелік модель ұсынылып, оқу әрекеттері тану, функционалдық түсіндіру, түрлендіру, мәтін өндіру және рефлексия кезеңдері арқылы нақтыланды. Ұсыныстар грамматикалық білімді мәтін құрау тәжірибесімен ұштастырып, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған.