Жер асты суының нақты деңгейлерін анықтау әдістері

2026

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/y94nev64
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Суармалы жерлердегі судың жетіспеушілігі және олардың егістік алқаптарындағы қозғалыс процестерін нақты зерттеулер негізінде қарастырылуы маңызды. Егіс алқаптарында судың көтерілуіне әсер ететін факторларды анықтау әдістері нақты деректер арқылы көрсетілген. Жерасты сулары деңгейінің мониторингі нәтижесінде алынған деректерге статистикалық талдау жасалды. Жер асты суларының орташа көтерілу қарқыны олардың орналасу тереңдігіне тікелей байланысты екендігі анықталды. Мұнда су деңгейінің динамикасына ылғалдылық коэффициенті, топырақтың тығыздығы мен кеуектілігі, фильтрациялық қасиеттері, сондай-ақ инфильтрацияланатын су көлемі айтарлықтай әсер етеді. Топырақ құрылымына қарай оның қалыңдығына, тығыздығына, тұздылық дәрежесіне байланысты жерасты суларының минералдану деңгейі, маусымдық булану көрсеткіштері мен капиллярлық көтерілу биіктігі және жер асты суларының жату тереңдігі мен ықтимал шекті деңгейлері айқындалды. Келтірілген зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы алқаптарында жүргізілген эксперименттік жұмыстардың деректеріне негізделген. Мұнда жер асты сулары деңгейінің жоғарылауы мелиорацияда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, далалық зерттеулердің гидрогеологиялық негіздемесі, суару жүйелерінің режимін, мелиоративтік іс-шараларды жоспарлауды және су ресурстарын кешенді пайдалануды қамтиды. Мелиоративтік шаралар және су ресурстарын кешенді пайдалану жерасты сулары режимінің гидродинамикалық және гидрохимиялық болжамдарына, сондай-ақ аэрация аймағы жыныстарының су-тұз режиміне негізделеді. Сонымен қатар алынған нәтижелер суармалы аумақтардың тұрақты өнімділігін сақтау үшін жер астысуларының деңгейін бақылаудың маңыздылығын көрсетеді. Ғылыми негізделген талдау мелиорациялық іс-шараларды оңтайландыруға және топырақтың қайталама тұздану қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындылары су ресурстарын тиімді басқарудың өңірлік экологиялық қауіпсіздігі үшін шешуші фактор екенін дәлелдейді.