ҚАЗАҚСТАН НАРЫҒЫНДА ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

International Journal of Economics and Project Management, 2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2025.1.1.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақала Қазақстандағы маркетингтің цифрлану үдерістерін, цифрлық құралдарды пайдалану деңгейін және тұтынушылардың цифрлық мінез-құлқының өзгеруін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты маркетингті цифрландырудың негізгі бағыттарын айқындау және қазақстандық компаниялардың тәжірибесі негізінде жаңа тәсілдер мен практикаларды жүйелеу болып табылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы цифрлық маркетингтің дамуын генеративті жасанды интеллект, дербестендіру, first-party деректерді пайдалану және креатор маркетингі сияқты заманауи тәсілдер тұрғысынан кешенді талдауда жатыр. Практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді қазақстандық компаниялардың маркетингтік стратегияларын жетілдіруде қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Зерттеу әдістемесі ғылыми әдебиеттерге шолу жасауға, қазақстандық ірі компаниялардың (Kaspi.kz, Magnum, Halyk Homebank, Aviata, Chocotravel) тәжірибесін талдауға, сондай-ақ сауалнама әдісіне, оның нәтижелерін құрылымдық және салыстырмалы талдау әдістері арқылы өңдеуге негізделген. Зерттеу нәтижелері цифрлық маркетингтің негізгі арналарын, тұтынушылардың онлайн ортаға тәуелділігінің артқанын және цифрлық сенім мен деректер инфрақұрылымының жеткіліксіздігі сияқты шектеулерді анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан нарығындағы цифрлық маркетинг құралдарының тиімділігін арттыру үшін стратегияларды бейімдеу жолдары және тұтынушылармен интерактивті коммуникацияны күшейту мен деректерді қауіпсіз пайдалану жолдарын көрсетуге бағытталған ұсыныстар берілді.